Добро пожаловать на официальный интернет-ресурс Бурабайского районного маслихата!
KZRU

Байланыс ақпараты

«Бурабай аудандық мәслихат аппараты» ММ
Индекс: 021700
Қала: Щучинск
Көше: Абылайхан 34/213
E-mail: burabay-maslihat@mail.ru
Телефон: 8 (71636) 7-91-06

Госпорталы

Egov

Кабинет налогоплательщика

Эталонный контрольный банк НПА

Информационно-правовая система НПА Әділет

Құрметті мырзалар мен ханымдар!

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихаттың ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Сыңғырлап аққан мөлдір бұлағымен, иісі жұпар аңқыған бал қарағайы, күнмен шағылысқан айнакөлімен, аққулар сұңқылдаған сексен көлімен бұл күнде жер әлемге кеңінен танымал Жер жәннаты – Бурабай біздің аудан жерінде орналасқан.

Біз экономиканың және әлеуметтік саланың динамикалық дамыған, үлкен өзгерістер кезеңінде өмір сүрудеміз. Жыл сайын еліміздің әрбір азаматы лайықты өмір сүруіне және ертеңгі күнге деген сенімі артып келеді.

Біздің интернет-ресурсқа енушілермен жасалған достық қарым-қатынас болашақта жемісті болатынына сенімдіміз, ал біздің өзара байланысымыз ауданның табысты дамуының игілігіне қызмет етеді.

Құрметпен,
Бурабай аудандық
мәслихаттың хатшысы
Ө. Бейсенов
 
График проведения консультаций с местным сообществом по рассмотрению кандидатов на должность акима Веденовского сельского округа Бурабайского района Акмолинской области Басып шығару E-mail
26.05.2020

Бурабайский район

Веденовский сельский округ

(Здание КГУ «Аппарат акима Веденовского сельского округа Бурабайского района», 30.05.2020 года 10:00 час.)

 
Бурабай аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы Басып шығару E-mail
15.05.2020

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 36-1 бабына сәйкес Бурабай аудандық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 15 мамырда № 9/23 қаулысымен 2020 жылғы 26 маусымда Бурабай ауданы Веденов аулдық округінің әкімін сайлау күні болып белгіленді.

Әкімдікке кандидаттарды ұсыну сайлау күнінен 30 күн бұрын – 2020 жылғы 27 мамырдан басталады және сайлау күніне 25 күн қалғанда – 2020 жылғы 31 мамырда аяқталады.

Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және дауыс беретін күнге 15 күн қалғанда – 2020 жылғы 10 маусымда аяқталады.

Толығырақ...
 
Мәслихат сессиясы Басып шығару E-mail
11.05.2020

2020 жылдың 5, 11 мамырында селекторлық режимде алтыншы шақырылған Бурабай аудандық мәслихаттың LІХ, LХ сессиялары өтті.

Сессияларда келесі мәселелер бойынша шешімдер қаралды және қабылданды: 2020 жылғы 5 мамырда:

1. «Бурабай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 6С-52/4 «Бурабай аудандық мәслихатының 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы» шешiмiне өзгеріс енгiзу туралы»;

2. «Бурабай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-53/2 «Щучинск қаласының, Бурабай кентінің және Бурабай ауданының ауылдық округтерінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;

3. «Бурабай ауданында 2017-2021 жылдарға арналған жұмыспен нәтижелі қамтуды дамыту мен жаппай кәсіпкерліктің «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы»;

4. «Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібіндегі негізгі мәселелер туралы»;

5. «Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы туралы».

Толығырақ...
 
Ынтымақ түбі —игілік Басып шығару E-mail
08.04.2020

Елбасы Н.Ә. Назарбаев бүгінгідей сын сағатта барша жұртты байсалдылық пен сабырға шақырып, ақ тілеулі мақаласын жолдады. Үндеуде кенеттен келген жаман індет, коронавирус жалғыз бізге ғана емес бүкіл адамзатқа қауіп төндіріп отырғанын айта келіп, бар күшімізді, ақыл-ойымызды осы індетті жеңіп шығу жолына бірлесе жұмылдырып, ынтымақтаса әрекет етуге шақырды. «Бұл – бүкіл әлем мемлекеттеріне түскен зор ауыртпашылық. Біз оны осындай сын сағатта септігін тигізетін халқымыздың төзімділігі, ерік-жігері және өзіне деген зор сенімі арқасында міндетті түрде жеңіп шығамыз. Ол үшін бізге қажетті нәрсе – қаржы-қаражат, материалдық ресурс, техника, азық-түлік – бәрі бар. Алаңдайтын, абыржитын еш негіз жоқ», - деп атап көрсетті Елбасы.

Халықты әртүрлі қауесет,үрейлі әңгіме таратушыларға сенбей, ондай арандатушылықтан сақ болуға шақырды. Ел игілігі үшін аянбай еңбек етуді тілге тиек етті.

Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың халыққа арналған үндеуінде қоғамның барлық институттарына тапсырма бергенін білеміз. Осы тапсырмаларды рет-ретімен орындауға кірісіп, үйлесімді тәртіппен, жоспарлы түрде, асқан зор сеніммен әрекет жасап, барлық күш-жігерімізді осы жолға жұмылдыруымыз керек деп көрсетті. Осы игілікті істе, біздер, "Nur Otan" партиясының мүшелері алдыңғы қатардан көрінуміз керектігі айқындап берді.

Ұлт денсаулығы – қауіпсіздігіміздің құрамдас бөлігі екенін айта келіп, Елбасы әрбіріміз өзіміздің, үй-ішіміздің, ата-ана, отбасы, балаларымыздың денсаулығына үлкен жауапкершілікпен, асқан жанашырлықпен қарап, ел шетіне келген қауіпті індеттен қорғау керектігі айтылды. Осындай кезеңде халқымыздың үлкенге құрмет, кішіге-қамқор көрсете білетін игі қасиеті септігін тигізетініне сенім білдірді, бойкүйездіктен, енжарлықтан арылып, ширығып, шыңдала түсіге шақырды. Сонымен қатар, Елбасы қалың жұртшылыққа зор алғысын білдірді.

Өтелбай Бейсенов – Бурабай аудандық мәслихат хатшысы, аудандық билер кеңесінің төрағасы

 
Құрметті жерлестер! Басып шығару E-mail
16.03.2020

Құрметті жерлестер!

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың теледидар арқылы халыққа үндеуін тыңдадық. Үндеуде бұл індет біздің елімізде де тіркелгенін айта келіп, Президент қазіргі таңда белең алған коронавируске қарсы мемелекет тарапынан жасалып жатқан шұғыл шараларды атап өтті. Қоғамдық тәртіптің қатаң бақылауға алынатынын ескертті. Сонымен қатар, Қазақстан халқын татулық пен бірлікке шақырды. Әрбір адам жеке бас гигиенасын сақтап, бұл індетке қарсы іс-шараларға ат үсті қарамай, үлкен жауапкершілік танытуымыз керектігін баса айтты. Санитарлық тәптіптің талаптарын мұқият орындау керектігін талап етті. Енгізілген шектеулерге, вирустың таралмауына әр адам жауапкершілік танытып, бұл уақытша дүрбелеңнен абыроймен өтуіміз қажеттілігін атап өтті. Осы кезеңде бәріміз сабыр сақтап, жалпы тәртіпке бағыну қажеттілігін айттылды. Жұртшылыққа тарап жатқан әртүрлі негізсіз қауесетке сенбеуге шақырды. Төтенше жағдай енгізілгенмен өмір тоқтап қалмайды. Өндіріс орындары, басқа да органдар өз жұмысын жалғастыра беретіні тілге тиек етілді. Дегенмен адам көп жиналатын іс-шараларды тоқтата тұруымыз қажет,- деді Президент. Осы үндеудегі талаптарды үлкен жауапкершілікпен орындасақ, сабырлылық танытып, ел бірлігі мен татулығын сақтасақ бұл қиындықты жеңіп шығатынымызға сенім білдірді.

Бурабай аудандық мәслихат хатшысы, қоғамдық пікір көшбасшысы Ө. Бейсенов

 
Щучинск қаласының әкімі лауазымдарына тіркелген тұлғалар жөніндегі ақпарат Басып шығару E-mail
06.03.2020

Щучинск қаласының әкімі болып тіркелді: Қаппасов Ерлан Темірханұлы, 1980 ж.т «Бурабай ауданының Щучинск қаласы әкімінің аппараты» КММ, Щучинск қаласы әкімінің орынбасарының м.а., Щучинск қаласында тұрады.

 
Мәслихат сессиясы Басып шығару E-mail
25.02.2020

2020 жылдың 25 ақпанында Бурабай аудандық мәслихаттың № 2 сайлау округінің депутаты – Қуанышбек Шаяхметовтың төрағалық етуімен алтыншы шақырылған Бурабай аудандық мәслихаттың LVІ (кезектен тыс) сессиясы өтті.

Сессияда келесі мәселелер бойынша шешімдер қаралды және қабылданды:

1. «Бурабай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 6С-52/1 «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешiмiне өзгерістер енгiзу туралы»;

2. «2020 жылға арналған Бурабай ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы»;

3. «Бурабай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы»;

4. «Бурабай аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 24 мамырдағы № 6С-43/5 «Бурабай ауданының Щучинск қаласы, Бурабай кенті мен ауылдық елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»;

5. «Бурабай ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамы мен ережесін бекіту туралы».

 
Сообщение о регистрации кандидатов в акимы города Щучинск Бурабайского района Басып шығару E-mail
11.02.2020

Кандидатами в акимы по городу Щучинск зарегистрированы:

- Камбаров Тасболат Мырзабекович, 1986 г.р., главный специалист КГУ "Аппарат акима города Щучинск Бурабайского района", проживающий в городе Щучинск;

- Каппасов Ерлан Темирханович, 1980 г.р., и.о заместителя акима, КГУ «Аппарат акима города Щучинск Бурабайского района», проживающий в г. Щучинске

 
Айтарым бар Басып шығару E-mail
08.02.2020

Қадірлі жерлестер! Ел бірлігі мен татулығын, тұтастығы мен мызғымас беріктігін ту етіп ұстаған озық ойлы Қазақстан азаматтарын Қордай ауданында орын алған келеңсіз оқиға қатты қынжылтқаны баршаға аян. Күннен-күнге көркейіп, биік белестерден көрініп, әлемге танымал Қазақстанда, барша халықты ынтымағымызды берік ұстауға шақырамын! Осы оқиғаны пайдаланып арандатушылық жасамақ болған азаматтар заңды жазасын алады деп сенемін. Елдің бейбіт өмір сүруі біздің басты байлығымыз екенін ұмытпайық.

Бурабай аудандық мәслихат хатшысы Ө. Бейсенов

 
Бурабай аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы Басып шығару E-mail
30.01.2020

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 36-1 бабына сәйкес Бурабай аудандық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 30/20 қаулысымен 2020 жылғы 03 наурызына Бурабай ауданы Щучинск қаласының әкімін сайлау күні болып белгіленді.

Әкімдікке кандидаттарды ұсыну сайлау күнінен 30 күн бұрын – 2020 жылғы 02 ақпанда басталады және сайлау күніне 25 күн қалғанда – 2020 жылғы 06 ақпанда аяқталады.

Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және дауыс беретін күнге 15 күн қалғанда – 2020 жылғы 16 ақпанда аяқталады.

Толығырақ...
 
Халық алдындағы есептік кездесулер Басып шығару E-mail
28.01.2020

2020 жылғы 28 қаңтарда Щучинск қаласы әкімінің м.а. Ерлан Қаппасовтың есептік кездесуі өтті, ол қала тұрғындарына 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2020 жылға арналған жоспарлары туралы баяндады. Есептік кездесуде сумен қамтамасыз ету, ТҮКШ, жолдарды жөндеу және тазалау т.б. мәселелер көтерілді. Барлық айтылған сұрақтарға жүргізіліп жатқан жұмыстар мен оларды шешу жолдары туралы тиісті түсініктемелер берілді.

Есеп беру кездесуіне Бурабай аудандық мәслихаттың хатшысы - Өтелбай Бейсенов қатысты.

 
Халық алдындағы есептік кездесулер Басып шығару E-mail
28.01.2020

2020 жылғы 28 қаңтарда Златополье ауылында есеп беру кездесуі өтті. Ауылдық округ әкімі Сәкен Сипульдин ауылдық округ тұрғындарына 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2020 жылға арналған жоспарлар туралы баяндады. Сумен жабдықтау медецина салалары бойынша мәселелері көтерілді. Барлық айтылған сұрақтарға оларды шешу бойынша жүргізіліп жатқанқан жұмыстар туралы тиісті түсініктемелер берілді. Есеп беру кездесуінде Златополье ауылының тұрғыны Бауыржан Сейітов «Құрметті ардагер» медалімен марапатталды.

Есеп беру кездесуіне Бурабай аудандық мәслихаттың хатшысы - Өтелбай Бейсенов қатысты.

 
Халық алдындағы есептік кездесулер Басып шығару E-mail
27.01.2020

2020 жылғы 27 қаңтарда Веденовка ауылында есеп беру кездесуі өтті. Ауылдық округ әкімі - Мақсат Иманбаев Веденовка ауылдық округінің тұрғындары алдында 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2020 жылға арналған жоспарлар туралы баяндады. Есеп беру кездесуінде «Құрметті ардагер» медалімен Веденовка ауылының тұрғыны Эдуард Миних марапатталды.

Есеп беру кездесуіне Бурабай аудандық мәслихаттың хатшысы - Өтелбай Бейсенов қатысты.

 
Халық алдындағы есептік кездесулер Басып шығару E-mail
24.01.2020

2020 жылғы 24 қаңтарда Ұрымқай және Успеноюрьев ауылдық округтері әкімдерінің есеп беру кездесулері өтті. Ауылдық округ әкімдері 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2020 жылға арналған жоспарлар туралы баяндады.

Есеп беру кездесуінде «Құрметті ардагер» медалімен Николаевка ауылының тұрғыны, ауыл шаруашылық ардагері Н.П.Богомаз марапатталды.

Есеп беру кездесуіне Бурабай аудандық мәслихаттың хатшысы - Өтелбай Бейсенов қатысты.

 
Халық алдындағы есептік кездесулер Басып шығару E-mail
23.01.2020

2020 жылғы 23 қаңтарда Бурабай кенті мен Зеленобор ауылдық округі әкімдерінің есеп беру кездесулері өтті. Кездесу барысында ауыл тұрғындарымен сумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу және тазалау мәселелері көтерілді. Есеп беру кездесуінде «Құрметті ардагер» медалімен Зеленый Бор ауылының тұрғындары Майзнер Адам және Опарин Сергей марапатталды.

Есеп беру кездесуіне Бурабай аудандық мәслихаттың хатшысы - Өтелбай Бейсенов қатысты.

 

Счетчик посещений

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterСегодня298
mod_vvisit_counterВчера742
mod_vvisit_counterЭта неделя3589
mod_vvisit_counterПрошлая неделя3299
mod_vvisit_counterЭтот месяц3589
mod_vvisit_counterПрошлый месяц25504
mod_vvisit_counterВся статистика1001639

Опрос

Знаете ли вы депутата районного маслихата от своего избирательного округа?