Айтарым бар Печать
08.02.2020

Қадірлі жерлестер! Ел бірлігі мен татулығын, тұтастығы мен мызғымас беріктігін ту етіп ұстаған озық ойлы Қазақстан азаматтарын Қордай ауданында орын алған келеңсіз оқиға қатты қынжылтқаны баршаға аян. Күннен-күнге көркейіп, биік белестерден көрініп, әлемге танымал Қазақстанда, барша халықты ынтымағымызды берік ұстауға шақырамын! Осы оқиғаны пайдаланып арандатушылық жасамақ болған азаматтар заңды жазасын алады деп сенемін. Елдің бейбіт өмір сүруі біздің басты байлығымыз екенін ұмытпайық.

Бурабай аудандық мәслихат хатшысы Ө. Бейсенов