Құрметті жерлестер! Печать
16.03.2020

Құрметті жерлестер!

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың теледидар арқылы халыққа үндеуін тыңдадық. Үндеуде бұл індет біздің елімізде де тіркелгенін айта келіп, Президент қазіргі таңда белең алған коронавируске қарсы мемелекет тарапынан жасалып жатқан шұғыл шараларды атап өтті. Қоғамдық тәртіптің қатаң бақылауға алынатынын ескертті. Сонымен қатар, Қазақстан халқын татулық пен бірлікке шақырды. Әрбір адам жеке бас гигиенасын сақтап, бұл індетке қарсы іс-шараларға ат үсті қарамай, үлкен жауапкершілік танытуымыз керектігін баса айтты. Санитарлық тәптіптің талаптарын мұқият орындау керектігін талап етті. Енгізілген шектеулерге, вирустың таралмауына әр адам жауапкершілік танытып, бұл уақытша дүрбелеңнен абыроймен өтуіміз қажеттілігін атап өтті. Осы кезеңде бәріміз сабыр сақтап, жалпы тәртіпке бағыну қажеттілігін айттылды. Жұртшылыққа тарап жатқан әртүрлі негізсіз қауесетке сенбеуге шақырды. Төтенше жағдай енгізілгенмен өмір тоқтап қалмайды. Өндіріс орындары, басқа да органдар өз жұмысын жалғастыра беретіні тілге тиек етілді. Дегенмен адам көп жиналатын іс-шараларды тоқтата тұруымыз қажет,- деді Президент. Осы үндеудегі талаптарды үлкен жауапкершілікпен орындасақ, сабырлылық танытып, ел бірлігі мен татулығын сақтасақ бұл қиындықты жеңіп шығатынымызға сенім білдірді.

Бурабай аудандық мәслихат хатшысы, қоғамдық пікір көшбасшысы Ө. Бейсенов